Text1.ru Азимбек Байлин - Кабирхан жүйрік

Текст песни
Шабады тұлпар, ұшады сұңқар, жебедей ұшқан алыстан,
Жалы бар жібек, жалындап жүрек желменен жүйткіп жарысқан.
Бәйгеден қашпай, тұяғы тастай, шаң қаптыратын шабыстан,
Көргенде топты, көзіде отты, тұлпар емес бұл арыстан.
Домбыраның күмбірімен,
Арғымақтың дүбірімен ...
Шабандоз шапқан, тізгінін тартқан, бәйгеде бағы сыналған.
Кабирхан жүйрік, Құдайдан сыйлық, қазақтың атын шығарған
Соғады қамшы, түскендей тамшы далаға төккен нөсердей,
Арғымақ - аңшы, жігермен жаншы, мәрені қылмен кесердей.
Тулатып қанын, беретін жанын, тағасы жерді тесердей,
Доданы көрсе, еркіндік берсе тізгінін тістеп шешердей.
Домбыраның күмбірімен,
Арғымақтың дүбірімен ...
Шабандоз шапқан, тізгінін тартқан, бәйгеде бағы сыналған.
Кабирхан жүйрік, Құдайдан сыйлық, қазақтың атын шығарған.


Оставьте свой комментарий